Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас ассамблеясының 77-сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркке жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Мемлекет басшысы 19 қыркүйекте JPMorgan Chase & Co, Citi, Goldman Sachs, NASDAQ секілді жаһандық қаржы институттарының басшыларымен кездеседі.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Boeing, ExxonMobil, General Electrics, Wabtec, Microsoft сияқты трансұлттық компаниялар жетекшілерімен және эксперттер тобы өкілдерімен кездеседі.
20 қыркүйекте президент БҰҰ Бас ассамблеясының Жалпы дебатында сөз сөйлейді.
Оған қоса, БҰҰ Бас хатшысымен, Еуропалық Одақ басшылығымен және бірқатар мемлекет басшысымен олардың өтініші бойынша кездесулер өткізу жоспарланып отыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі жаһандық саммитке де қатысады.