Бүгін Путин Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің басқосуына қатысу үшін Астанаға келді.
Осы іс-шараға келген мемлекет басшыларын ҚР Үкімет басшысы Әлихан Смайлов ұшақтың трапынан күтіп алып, қол алысып амандасып қошеметпен қарсы алып жатқанын көрдік.
Смайлов Ресей басшысы Владимир Путинді де күтіп алды. Бірақ Путин мен Смайлов қол алысқан жоқ. Путин алыстан біздің Премьерге құрмет ишарасын білдірді де көлікке отырып, қонақ үйді бетке алады.
Дәл осы көрініске куә болған әріптестеріміз Путин Смайловты қомсынбады деп әңгіме айтуда. Шындығында олай емес. Путин Смайловты қомсынбайтындай онымен жарысқа түсейін деп жатқан жоқ.
Бүгінде Путин коронавирус пен Украинадағы соғыстан кейін ешкіммен қол алыспайтын болған. Бұл жерде Смайловтың қатысы жоқ. Бәріне коронавирус пен Украианадағы соғыс кінәлі.
Естеріңізде болса, жазда Путин Түркіменстанда Каспий жағалауы елдерінің кезекті басқосуына барғанда да ұшақтан түсе салып, көлігін отырған болатын.
Енді бір-екі айдан соң, Путиннің қолы “токсичный қолға” айналып, қолы ешкемге керек болмай қалуы мүмкін. Ол кезде Путин Смайловтың қолына зар болып қалса, таңқалмаңыз.