Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Басты жаңалықтар > Президенттің өскелең ұрпақтың игілігі үшін жариялаған бағдарламалары
Басты жаңалықтарҚоғам

Президенттің өскелең ұрпақтың игілігі үшін жариялаған бағдарламалары

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 01.09.2022
Обновлено 01.09.2022 в 01:09
Поделиться
Сурет: aikyn.kz
Поделиться

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында өскелең ұрпақтың игілігі үшін бірнеше бағдарламаны іске асыруға тапсырма берді. Олардың бірегейі — «Ұлттық қор – балаларға» жаңа бағдарламасы.

Әрбір отбасы елдің ұлттық байлығын пайдаланудан нақты қайтарым алуға тиіс. Сондықтан мен жариялаған Балалар жылы аясында «Ұлттық қор – балаларға» қағидатты түрде жаңа бағдарламасын бастау өте маңызды деп санаймын. Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын балалар 18 жасқа толғанға дейін олардың арнайы жинақтаушы шоттарына мерзімінен бұрын алу құқығынсыз аударуды ұсынамын.

Кәмелетке толғаннан кейін жинақталған сома тұрғын үй сатып алуға және білім алуға бағытталатын болады. Бұл қаражат өскелең ұрпаққа ересек өмірге нағыз жолдама береді. Қор шын мәнінде, ұлттық мәртебеге ие болады және халықтың мүдделеріне қызмет ететін болады, 

деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жобаны 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынатыны туралы жариялады. Бұл бағдарлама аясында 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасалмақ.

Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесі толық шешіледі. Сондай-ақ, бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады. Жалпы мектеп салу Үкімет және әкімдіктер үшін басты міндеттің бірі болуы керек,

деп атап өтті президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент жоғары білім алатын жастарды да ұмытпады. Қазақстанда оқуға жеңілдетілген несие берілетін болады.

Мемлекет білім беру гранттарын бөлуді жоспарлап отыр, олар ҰБТ нәтижелеріне және өзге де көрсеткіштерге байланысты мөлшері бойынша 30-дан 100%-ға дейін сараланады. Оқу үшін жылдық 2-3% жеңілдікпен несиелер де беріледі,

деді ол Қазақстан халқына Жолдау аясында.

Жолдауда айтылған тағы бір маңызды шешімдердің бірі — 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтіміне байланысты төлемді 1,5 жылға дейін ұзарту.

Әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға жұмысынан айырылғаны үшін төлемдер орташа айлық табыстың 45 пайызына дейін өседі. Бұл олардың жұмысқа оңай әрі жылдам оралуына көмектеседі,

деді мемлекет басшысы.
ТЕГи: Главное
Анара Бауыржанқызы 01.09.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?