Categories: Саясат

Прокуратура сайлау бойынша 23 заң бұзушылықты анықтады

Мәжіліс депутататрының сайлауында «Сайлау туралы» заң талаптарының бұзылуына жол берілді. Прокуратура тарапынан 23 заң бұзушылық анықталды. Барлық құқық бұзушыға бірыңғай көзқарас. Бүкіл дерек тексерілді. Кінәлілер әкімшілік жазаларға тартылды.

Осы фактілердің ішінде тыйым салынған уақытта үгіт жүргізу бойынша 12 дерек тіркелді. Оның ішінде 6 жағдайда кінәлілер 3 заңды тұлға, 3 азамат болып шықты. Олар — кандидаттар емес.

Қалған 6 жағдайда үгіт жұмыстарын заңсыз, яғни кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін Мәжіліс депутаттығына кандидаттар тіркеген. Олар бір мандатты округтер бойынша тіркелгендер. Сот әкімшілік-құқық бұзушылық туралы кодекстің 112-бабы бойынша айыппұл салғаннан кейін және сот актілері заңды күшіне енгеннен соң тиісті округтік сайлау комиссиялары олардың тіркеу күшін жойды. Бұл – заң талабы.

Алматы қаласындағы тағы бір кандидат 112 бап бойынша жазаға тартылды.

Ол сайлау алындағы үгітті жүргізу шарттарын бұзып, азаматтарға тегін такси қызметін көрсеткен. Кінәсін мойындады. Оның да тіркеуінің күші жойылды.

Үгіт жүргізу кезінде Қарағанды қаласының екі тұрғыны Әкімшілік-құқық бұзушылық туралы кодекстің 114-бабы бойынша үгіт материалдарын жұлып, бүлдіргені үшін жауапқа тартылды.

Үш факт сайлау бойынша Астана және Алматы қаласында қоғамдық пікірге заңсыз сауалнама жүргізуге қатысты болды. Сауалнаманы 5 жылдық тәжірибесі бар және ОСК-ні алдын ала хабардар еткен заңды тұлғалар ғана өткізуге құқылы. Осы заң талаптарын бұзған екі жеке, бір заңды тұлға әкімшілік жазаға тартылды.

Сонымен қатар әлеуметтік желі арқылы жасалған іс-әрекеттер де анықталған.

Анонимдік үгіт материалдарын таратудың 5 фактісі анықталды. Оның төртеуі Кодекстің 113-бабы бойынша жауапқа тартылды. Үшеуі Ақмола облысының кандидатының өкілдері, біреуі БАҚ өкілі. Тағы бір факт Түркістан облысынан Мәжіліс депутаты кандидаты тарапынан жол берілген. ОСК келісімі алынды. Бұл кандидатқа қатысты материалдар сотқа жіберілді. Бірақ кандидаттың тіркеу құқығы алынбады. Ол айыппұл төлеп, сайлауға қатыса береді.

Сондай-ақ, мәслихаттарға депутаттаттардың кезектен тыс сайлауы бойынша прокурорлар 11 заң бұзу фактісін анықтаған.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

1 день ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

2 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

3 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

3 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

3 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

5 дней ago