Прокурор сотта журналист Махамбет Әбжанды 11 жылға соттауды сұрады. Бұл туралы журналистің Telegram-дағы Abzhan News арнасы хабарлады.
Ал оның адвокаты Гүлнәр Сүлейменова сот жабық өтіп жатқанын айтып, үсінік беруден бас тартты.
Процесс Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 6 қаңтарда басталған. Іске судья Айжан Құлбаева төрағалық етіп жатыр. Сот үкімі 3 ақпанда сағат 17.00-де оқылады.
39 жастағы журналист әрі блогер Махамбет Әбжанды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі былтыр 3 шілдеде тұтқындаған. Әбжанға «көрінеу жалған ақпарат тарату» (274-баптың 3-бөлігі) және «бопсалау» (194-баптың 4-бөлігі, 2-тармағы) баптары бойынша айып тағылған.