Мамандар Қостанай облысында өрттен зардап шеккендерге онлайн форматта көмектесуге дайын. Бұл туралы Психологтар одағының төрағасы Гүлзат Асанова мәлімдеді.
Психологтар одағы мамандары Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккен азаматтарға онлайн форматта психологиялық көмек беруге дайын. Оған қоса, оқиға болған жерде азаматтарға көмектесетін психологтар үшін супервизия (консультациялар) береді.
Гүлзат Асанова бірнеше күннен соң күйзеліс жағдайы өткенде психологиялық қолдау қажеттігі артатынын айтады.
Осыған байланысты Одақ психологтары зардап шеккендерді психологиялық қолдау және мамандар үшін супервизия (кеңес беру) бойынша өтеусіз акция өткізу туралы шешім қабылдады,
деді одақ басшысы.
Мына жерден психологтар тізімі мен байланыс нөмірін алуға болады.
Қазақстандағы Психоаналитиктер қауымдастығы да Қостанайдағы өрттен зардап шеккен азаматтарға тегін көмек береді.
Біз, Психоаналитиктер қауымдастығы психологтары, Қостанайдағы төтенше жағдай кезінде зардап шеккен азаматтарға тегін көмек беруге дайынбыз,
деп жазылды «Психоанализ в Центральной Азии» Telegram-каналына.