Фото: depositphotos.com
Путиннің режимі күйрей бастады. Путин 20 жыл бойы Ресейдегі күштік, диктатуралық жүйенің бас көсемі, бас лоббисті болып келді. Бұрын оның Еуропада біршама беделі болды, Франция, Германия сияқты елдердегі бәзбір мықтылармен байланысы болды. Қазір жағдай басқа. Путин жүректі айнытатын адам болды. Ол изгой.
Бұл аздай, ол енді Ресейдегі күштік жүйеге де керексіз бола бастады. ФСБ полковниктері немесе орталық аппарат қызметкерлері, олардың әйел-тоқалдары 20 жыл бойы Парижге, Рим мен Неапольға барып демалып, Еуропаның сапалы сервисін көріп, дәмді тамағын жеп әбден үйреніп қалған. Енді оның бәрі жабық. Полковниктерге бұл ұнамайды, әрине. Жеп-қыдырып үйренген жемқор жүйенің өзі енді Путин мен оның айналасындағыларға тісін қатты қайрап отыр. Путиннен құтылудың жолын қарап жатыр.
Ендеше Путиннің күні бітті. Ол – саяси өлік.
Путиннен кейін Ресейде не болады?
Бас салып Кремльге Навальный келе қоймас. Бірақ бір-екі жылдан кейін Навальный, Яшин, Кара-Мурзалар Ресей парламентінен өз орнын алады. Кремльге Путиннен кейін есі дұрыс, озық ойлы адамдар келеді. Өйткені Ресейді мына батпақтан шығару керек, халықтың жағдайын жақсарту керек, батыс әлемімен байланысты қайта жалғау керек. Ресей армиясының Украинаға келтірген шығындарын өтеу керек,
дейді ресейлік құқық қорғаушы Владимир Осечкин.
Қазақстанда не болады?
Шынымен де, ертең Путин кетсе, Қазақстанда не өзгереді? Назарбаев тұсында қуғынға ұшырап, Украинаға қашуға мәжбүр болған қазақстандық оппозиционер, Владимир Козлов былай депті:
– Мен ғана емес, менімен араласатын қазақтардың бәрі Қазақстандағы шын өзгеріс Путин жеңілгеннен кейін болатынын біліп отыр. Украина мынау путиндік әскери-саяси машинаның күлін көкке ұшырғаннан кейін ғана Қазақстан азат болып, қауіптен құтылады. Сонда ғана Қазақстан мен Ресейде шын реформалар жасала бастайды. Украинаның жеңісі мен Қазақстанның демократиялануы бір-бірімен тікелей байланысты. Путин жеңілген соң қазақ билігінде баяғы адамдар қала алмайды. Өйткені «баяғы адамдардың» бәрі Путиннің тұсындағылар болып қалады,
дейді ол.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…