Ресей президенті Владимир Путин Калининградтағы «Маңызды әңгіме» ашық сабағында Ресейдің мақсаты — Киевтің Донбассқа қарсы соғысын тоқтату және Ресейді қорғау екенін айтты.
2014 жылы төңкерістен кейін (Украинадағы) Донецк пен Луганск, Қырым тұрғындарының едәуір бөлігі төңкерісті мойындағысы келмеді. Бұл балалар тақырыбы емес, бірақ едәуір түсінікті. Оларға қарсы іс жүзінде соғыс басталды және ол сегіз жыл бойы жалғасты. Біздің міндетіміз, сарбаздарымыздың мақсаты, Донбасс жасақтарының міндеті — бұл соғысты тоқтату, адамдарды қорғау. Және, әрине, Ресейдің өзін қорғау, өйткені бүгінгі Украина аумағында біздің елімізге қауіп төндіретін Ресейге қарсы анклав құрыла бастады,
деп жеткізді Путиннің сөзін ТАСС.
Айта кету керек, Ресей президенті Владимир Путин Калининградқа жұмыс сапарымен келген. 1 қыркүйекте ол «Маңызды әңгіме» ашық сабағын өткізді. Сабаққа мәдениет, өнер, ғылым және спорт саласындағы олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздары қатысты.