Мәскеу саясатымен келіспейтінін білдірген шамамен 160-170 ресейлік мәдениет және өнер қайраткерлері шетелге кетті. Бұл туралы РФ президенті Владимир Путин Шығыс экономикалық форумының (ШЭФ) пленарлық сессиясында сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды ТАСС.
Оның айтуынша, талантты адамдардың кетуіне байланысты ел шынымен де «бірдеңе жоғалтуы» мүмкін. Соған қарамастан, Мемлекет басшысының пікірінше, саясатқа қарсы әртістердің Ресейде дәстүрлі емес құндылықтарды насихаттауға және оның тұрғындарының «миын ашытуға» тырысқаннан гөрі осылай істегендері дұрыс болған.
Егер осында бірдеңе істей алатын талантты адам кетіп қалса, біз бірдеңе жоғалтқан да шығармыз. Шынымды айтсам, ол шетелде-ақ жасарын жасай берсін, солардың мүдделеріне қызмет еткісі келген өз еркі,
деп түсіндірді Путин.
Ол Ресей Федерациясында театрлар мен көрме алаңдары жұмыс істеп жатқанын айтты. Сонымен қатар, көптеген өнер қайраткерлері арнайы операцияға қатысушыларды белсенді қолдайды және оларға концерт қойып беріп жүр.
Бұл ретте ел билігі шетелге кеткен ресейліктерге кері қайтуға есікті жаппағанын нақтылады президент. Кремль басшысы айтқандай, заңнамада азаматтардың тұрғылықты жерін өз бетінше таңдау құқығы жазылған.