Енді қай банктің клиенті екенің маңызды болмайды. Halyk Bank, Kaspi, Jusan қосымшасын пайдалансаң да, бәрінің жүйесі оқитын ортақ QR іске қосылады.
Қазақстанда QR-код арқылы төлем жасайтын ортақ терминал жасау жоспарланып отыр. Бұл терминал еліміздегі банктердің бәріне ортақ қызмет көрсетпек. Вице-министр Әсел Жанасова осындай жаңалықпен бөлісті.
Бұл қолма-қол ақшасыз атқарылатын сауданың үлесін ұлғайтып, ашықтыққа жол ашады.
Былтыр біз QR-төлемді теңестіріп, QR-кодтарды стандарттауға күш салдық. Бизнестің әр субьектісіне бір-бір POS-терминал ұстап қажет емес. Әр терминалға ақы төлеу керек болады. Бәріне ортақ бір терминал болса, оған нарықтағы бүкіл ойыншылар қатыса алуы керек. Биыл бүкіл банктер өз жүйесін жетілдіреді. Соның арқасында қазақстандықтар кез келген терминалдан төлем жасай алады,
деді вице-министр.