Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров өзінің ауруына қатысты қауесетті жоққа шығарды. Ол Telegram-арнасында Орталық клиникалық ауруханада емделіп жатқан ағасы Магомед Қадыровқа барғанын көрсететін видео жариялады.
Қадыровтың айтуынша, ол Мәскеуге жұмыс сапарымен барған кезінде Орталық клиникалық ауруханаға да соғып кеткен.
Денсаулығыма қатысты қауесеттерге түсініктеме берейін. Алла Тағалаға сансыз шүкірлер болсын, мен аман-саумын, тіпті ауру болсам да неліктен әбігерге түсуім керек? Енді оқырмандар да қай БАҚ және қай адамдардың өтірік ақпарат беретінін біліп жүретін болды,
деп жазды Қадыров.
Айта кетейік, бұған дейін ресейлік БАҚ Шешенстан басшысының қоғам назарынан жоғалып кетуіне қатысты түрлі болжам айтқан болатын, кейбірі тіпті оны қайтыс болды деп хабар таратқан.