Түркістан облысы бала туу бойынша көш бастап тұр.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды медиа-менеджер Арман Давлетияровқа берген сұхбатында өңірдің үш артқышылығын атады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Біріншіден, бізде халық саны көп. Мақтанатын дүние, мен халқыммен мақтанамын. Бізде ең көп тұрғын, яғни 2,2 млн халық бар.
Екіншіден, біз халықтың дәстүрін сақтап қалған өңірдің біріміз деуге болады. Түркістан – Орталық Азиядағы терең тарихы бар, ең көне қалалардың бірі. Бұл жерде қазақ халқының тарихын шешетін көптеген тарихи шешім қабылданған. Қазақ хандарының ордасы болған. Хандар осы жерде жерленіп, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі де осында орналасқан. Олардың барлығы текті адамдар болған. Халқымыз да еңбекқор.
Ауылды жерде тұратын халық күнде еңбектеніп, отбасын асырап отыр. Бала туу көрсеткіші бойынша да біздің облыс көш бастап тұр. Әрбір алтыншы бала Түркістанда дүниеге келеді. Әрбір үшінші көпбалалы ана біздің өңірде тіркеледі,
деді облыс әкімі.