Скриптонит есімімен танымал рэпер Әділ Жәлелов Instagram парақшасында Екібастұздағы жағдайға қатысты өз пікірін білдірді.
«Сол жағалау үшін рақмет, Экспо үшін рақмет, ЛРТ үшін рақмет, Түркістан үшін рақмет, жаңа мешіт үшін рақмет. Билікке сенуді жалғастыра беріңдер»,
деп жазды әнші.
Рэпер Павлодар облысына қарасты Ленинск ауылында дүниеге келген.
Естеріңізге сала кетейік, Екібастұзда жергілікті ЖЭС-те бірнеше қазандықтың істен шығуына байланысты халықтың бір бөлігі жылусыз қалған. 2022 жылғы 29 қарашадағы 23.55-тегі жағдай бойынша Екібастұзда 17 көппәтерлі тұрғын үй, 3 әлеуметтік нысан және 1 әкімшілік ғимарат жылу жүйесіне қосылмаған күйінде қалып отыр. Оларға соңғы учаскедегі апат жойылғаннан кейін жылу қайта берілетін болады. Қалған үйлер мен нысандарға жылу төмен температурмен берілген. Тасымалдағыштың жылу беру температурасы – 820С (норма 870С), кері қайтару – 540С (норма 560С), пәтерлерде – 18-200С, сыртқы ауа температурасы – 230С.