Қытай мен Солтүстік Корея сияқты елдерге жақын болу үшін, Ресей астанасын Хабаровскіге көшіру керек. Жазушы, «Әділетті Ресей – Патриоттар – Ақиқат үшін» партиясының тең төрағасы Захар Прилепинның ойы.
Ресей Еуроцентризмнен зардап шегуде. Біз Польша туралы жаңалықтарды әлі оқимыз. Польшада не бар? Польшада не бары біз үшін маңызды ма? Мен Польшаның алыс губерния болуы үшін астананы Хабаровскіге көшіруді жақтаймын. Ол жақта бізге жақын Қытай, Солтүстік Корея секілді қалыпты, тұрақты едер бар. Біз Солтүстік Корея туралы жиі ойлаймыз ба? Жоқ! Аз! Ал біз бұл туралы көп ойлануымыз керек. Балтық елдерінде не бар екені маңызды емес,
деді Прилепин Воронеждегі «Ресей жазы» фестивалінде.
Ол сондай-ақ, Еуроцентризм Ресейге Латын Америкасы елдерімен және «Ресейді құшақ жая күтіп отырған» кейбір Африка елдерімен дұрыс қарым-қатынас орнатуға кедергі келтіретінін айтты.