Ресейден келген азаматтар легі расымен көп. Операторлардың алдында ұзын-сонар кезекте тұрғандардың санында есеп жоқ.
Министр мобилизациядан Қазақстанға қашып келген ресейліктердің ортасында тұрып, олар үшін ЖСН алуды жеңілдетуге уәде берді.
Енді ЖСН алуға өтініш берген адамдарға екінші рет келудің қажеті жоқ. ЖСН олардың телефон нөміріне 1414 қызметінен СМС-хабарлама түрінде жіберілетін болады. Бұл дайын ЖСН алу үшін кезекте тұрған барлық ХҚКО клиенттеріне қатысты. Бұл өз кезегінде адамдардың халыққа қызмет көрсету орталықтарында шоғырланбауының алдын алады.
Бағдат Мусин сондай-ақ мобилизациядан қашқан ресейліктер үшін банк картасын ашу да оңай болатынына сендірді.
Бүгін біз екінші деңгейлі банктерге ЖСН деректер базасында берілетіні туралы ақпаратты жеткіземіз, нөмірді енгізген кезде кез-келген азамат туралы ақпарат автоматты түрде шығатын болады. Біз жағдайды бақылауда ұстаймыз,
деді министр.
Айта кетейік, Владимир Путин Ресейде жартылай мобилизация жариялаған күннен бастап Қазақстанға 100 мыңға жуық ресейлік келген.