Қаңтар-сәуір айларында Ресей бюджетіндегі тапшылық 3,42 триллион рубльді құрады, ал жалпы 2023 жылға тапшылық 2,9 триллион рубльден аспайды деп жоспарланған. Бұл туралы Korrespondent.net хабарлайды.
Ресейдің мұнай-газ кірісі 2023 жылдың алғашқы төрт айында өткен жылмен салыстырғанда 52%-ға төмендеді. 10 мамырда жарияланған Ресей Федерациясының Қаржы министрлігінің мәліметтерінен осындай қорытынды жасалып отыр.
Осылайша, қаңтар-сәуір айларында Ресейдің мұнай-газ кірісі 2,3 трлн рубльді, ал мұнай-газдан басқа кіріс 5,5 трлн рубльді құрады.
Жалпы, осы кезеңде Ресей Федерациясының бюджеті 7,8 трлн рубль алды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22%-ға аз. Сонымен бірге Ресей Федерациясының қаңтар-сәуір айларындағы шығындары 11,2 трлн рубльді құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26%-ға көп.
Осылайша, бюджеттің жалпы тапшылығы 3,42 триллион рубльді құрады, ал Қаржы министрлігінің жылдық жоспарында 2023 жылдағы бюджет тапшылығы 2,9 триллион рубльді құрауы керек еді.
Ресей Қаржы министрлігінде мұнай-газ кірістерінің төмендеуі Urals маркалы мұнай бағасының төмендеуімен және газ экспортының төмендеуімен түсіндірілді.
Естеріңізге сала кетейік, сәуірдің басында Ресей Федерациясы ұзақ мерзімді соғыс жүргізу үшін бюджетті толықтырудың жолдарын іздеп жатқаны хабарланды. Атап айтқанда, Ресей «дос» деп санайтын шет мемлекеттердің қаржылық қолдауына үміттенеді.