Вьетконг стратегиясын қолдануда.
Украинадағы соғыс және украин әскерлерінің қорғаныс шебінің екінші сызығына өтуі Ресейді соғыс үшін жаңа адам ресурстарын іздеуді күшейтуге мәжбүр етеді. Ал Украина әскерилері Ресейдің жаулап алынған аймақтарда салынған екінші қорғаныс сызығы жағымсыз тосынсыйларға толы екенін мойындап отыр.
Куба және соғыс
Кубаның Ішкі істер министрлігі Украинадағы соғыс қимылдарына кубалық азаматтарды тартумен айналысатын Ресейден әрекет ететін қылмыстық желіні әшкереледі.
Куба билігінің баспасөз хабарламасында
“Куба Украинадағы соғысқа қатыспайды, сонымен қатар жалдамалы қызметке қарсы берік және айқын тарихи позицияны ұстанады,
делінген.
Кубаның ІІМ жалдаушылар желісін бейтараптандыру және жою үшін жұмыс істеп жатқаны атап өтілді.
Жерасты туннельдері және Вьетконг стратегиясы
Украинаның Таврид бағыты қорғаныс күштерінің баспасөз орталығының өкілі Александр Штупун «Ресей Федерациясының қорғаныс шебінің екінші сызығы өте мықты. Ресей ол жерде жерасты туннельдер желісін салған болуы мүмкін, ал миналанған алқаптардың тығыздығы біріншісінен сәл ғана аз» деп хабарлады.
Бірқатар сарапшылар Ресей әскерлері қорғаныс шебінің екінші сызығында бір-бірімен жалғасқан үздіксіз туннельдер желісін салғанын айтады. Мұндай тактиканы Вьетнам соғысы кезінде Вьетконг қолданған болатын, бұл оларға американдық әскерлерге жасырын соққылар жасауға мүмкіндік берген.