Ұлыбритания қорғаныс министрлігі Украинадағы соғысқа қатысты хабарламасында Ресейдің әскери күшінің әлсірегенін жазды.
Харьков облысындағы қарымда шабуыл кезінде артқа шегінген Батыс әскери округіне тиесілі 1-гвардиялық танк әскері – Ресейдің қарулы күштеріндегі беделді бөлімше. Ресейге шабуыл жасалған жағдайда дәл осы бөлімше Мәскеуді қорғауы тиіс. Ал НАТО-мен соғыс болған жағдайда қарымта шабуылға осы танк әскері шығуы керек,
деп жазады Британия барлаушылары.
Ұлыбритания қорғаныс министрлігінің пайымдауынша, 1-гвардиялық танк әскері Украинадағы соғыстың алғашқы кезеңінде көп шығынға ұшырап, Харьков облысындағы қарымта шабуылға дейін күш жинап үлгермеген. Британия барлаушылары Ресейге бұл әскери әлеуетін қалпына келтіру үшін жылдар кетеді деп санайды.
Украина қарулы күштері қыркүйекте бірнеше күн ішінде Харьков облысында Ресей әскерилері бірнеше айдан бері ұстап отырған жерлердің біраз бөлігін қайтарып алды. Украина президенті Владимир Зеленский қыркүйектің басынан бері Украина әскерилері 6 мың шаршы шақырым жерді қайтарды деп мәлімдеді. Ал Ресей қорғаныс министрлігі мұны әскерилерді «қайта орналастыру шарасы» деп атайды.
Дегенмен қазір Ресей Украинада Херсон, Запорожье, Луганск, Донецк, Харьков облыстарының бір бөлігін бақылауда ұстап отыр.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…