Categories: Саясат

Ресей телеарналары қазақстандықтардың санасын улауда

Солтүстік Қазақстан облысында ерлі-зайыптының екеуі де бес жылдан бас бостандықтарынан айырылды. Екі елі ауызға бір елі қақпақ демекші, тілдерінен шыққан сепаратистік мазмұндағы сөздері үшін сотталды. Олар әлеуметтік желідегі бейнероликте Солтүстік Қазақстан облысын Ресейге қосуды үгіттеген, деп жазыпты inbusiness.kz.

Не айтуға болады? Әділ сот, әділ жаза. Бұған дейін де талай қазақстандық азамат сепаратистік бағытта ой-пікір айтқан. Олардың көпшілігі жазадан кешірім сұраумен құтылғаны рас. Сондықтан Солтүстік Қазақстан облысында сепаратистік әрекеті үшін ерлі-зайыптының сотталуы өзгелерге ескерту болар.

Естеріңізде болар, «Европа плюс Қазақстан» радиосының жаңалықтар бөлімінің жүргізушісі тіпті тәртіп орнату үшін «Вова ағайды көмекке шақырамыз» деп салғаны да кеше ғана. Вова ағай деп отырғаны – Путин. Ресейдің Украинаға басып кіргеніне масаттанған радио жүргізушісі қазақстандықтарды әсіре ұлтшыл деп айыптаған.

Осы сияқты мысалдарды көптеп келтіруге болады. Ұлтараздықты туындататын мұндай сепаратистік ұстанымдар Қазақстан азаматтарының санасына қайдан келіп жатыр. Әрине, бірінші кезекте Ресейден келеді. Әсіресе депутаттары жүйелі түрде Қазақстанның біртұтастығына қайшы келетін қаңқу сөзді айтып келеді. Ондай сөздің бәрін Кремль саясаткерлерге әдейі айтқызады деген түсінік қалыптасқан. Мұның шындығы бар да болар. Тіпті бір кездері президент Владимир Путиннің өзі де беті бүлк етпей қазақтың жерінде мемлекет болмаған деп салған жоқ па?

Қазақстандағы сепаратистік ұстанымдағылардың қолтығына су бүркетін де Ресейдегі саясаткерлер мен шенеуніктер екені бесенеден белгілі. Оған қоса Ресей телеарнасының насихаты да қазақстандықтардың санасын айналып өтіп жатқан жоқ. Насихаттың шовинистік бағытта екені айтпаса да түсінікті. Ресейлік арналардың Қазақстан аумағына енуіне тосқауыл қояйық деп жүрген қоғам белсенділері аз емес. Өкінішке қарай, әзірге нақты нәтижеге қол жетпей тұр, халық Ресей телеарналарының насихатын күн сайын тыңдап отыр. Бұл да сепаратистік көңіл-күйдің ширай түсуіне септік жасайтыны жасырын емес. Не де болса, өз азаматтарымыздың идеологиялық және ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, шетелдік пропаганданың ықпалын жоймай, мұндай «үй ішінен үй тіккендерден» құтыла алмаспыз.

Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago