Ресейдің Владимир қаласындағы Ленин аудандық соты қазақстандық Arbat.media басылымына cотқа шақырту қағазын жолдады. Бұл туралы «Азаттық радиосы» хабарлады.
Оған басылымның Украинадағы соғыс туралы жазған материалы себеп болған. Роскомназдордың шақырту хатына сәйкес, қазақстандық басылымның Украинадағы соғысқа қатысты мақаласында шындыққа жанаспайтын ақапарат бар.
Алайда басылым өзіне тағылған айыппен келіспейді.
Айта кетейік, бұған дейін Ресей билігі Arbat.Media, Vlast.kz, Ratel.kz, Informburo.kz, Newtimes.kz сияқты қазақстандық редакцияларға Украинадағы соғысқа қатысты материалдарын өшіруді талап етіп, хат жіберген.