Ресей әскері Донецк облысына қарасты Краматорск қаласына ракетамен соққы жасады. Соның салдарынан 8 адам көз жұмып, 60 адам жараланды.
24tv.ua хабарлауынша, әуеден шабуыл 27 маусымда кешкі сағат 20:00 шамасында жасалған. Ракета Краматорск қаласындағы дәмханалардың біріне түскен. Соның салдарынан 8 адам қаза тапты. Оның үшеуі — балалар.
Бас прокурор Андрей Костиннің айтуынша, үйіндінің астында тағы адамдар қалуы мүмкін. Құтқару жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр. Қазір Ресейдің бұл әрекетіне қатысты соталды тергеу басталды.
Прокуратура басқыншы тарапты соғыстың заңдылығын бұзды, бейбіт тұрғындарға шабуыл жасады деп айыптап отыр.