8 желтоқсанда Ресейдегі S7 әуе компаниясының ұшағы Новосібірдің Толмачево әуежайынан Мәскеуге ұшуы керек болған. Ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін бірнеше минут өткен соң, Новосібірге қайта оралды.
Жолаушылар қозғалтқыштардан ақау шыққан деп болжайды. Қонған бетте борт ұшудан шеттетілген, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Оқиға таңертеңгі 2502 рейсінде болған. Жолаушылардың айтуынша, алдымен ұшақ уақытында ұшып шықпай кешіккен. Ал ұшқаннан кейін турбиналар жолақта қалбалақтай бастаған. Жалын пайда болғанымен, әуе лайнері көтерілген. Ұшақ әуеге көтерілгенімен, бірнеше минуттан кейін Толмачевоға орала бастаған.
Осы оқиғадан кейін Батыс Сібір көлік прокуратурасы тексеруді бастады. Алдын ала мәліметтер бойынша, бүгін сағат 7:00 шамасында Новосібір — Мәскеу рейсін орындау барысында S7 (Боинг-737) ұшағы техникалық ақауға байланысты Толмачевоға оралған.
Айта кетерлігі, 2022 жылдың көктемінде Еуропалық Одақ Ресейге өзінде өндірілетін жаңа ұшақтар мен олардың бөлшектерін сатуға тыйым салып қана қоймай, ресейлік әуе компанияларына еуропалық лизингтік компанияларға тиесілі борттарды пайдалануға шектеу қойған. Ал бұл санкция ресейлік әуе тасымалдаушыларының бүкіл «айрбастары» мен «боингтары» паркін түгел дерлік қамтиды.