Томскіде қауіпсіздік күштері Украинадағы соғысқа қарсы шыққан музыкант Анна Чагинаның үйін тінтін, өзін ұстап әкетті. Бұл туралы ОВД-Инфо агенттігі хабарлады.
Агенттіктің мәліметінше, Чагина 48 сағатқа қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторында отыр. Ал музыканттың үйін не себепті тінтігені және оның үстінен қандай қылмыстық іс қозғалғаны белгісіз.
Айта кетейік, осыған дейін Анна Чагина өзінің әлеуметтік желідегі парақшаларында Украинадағы соғысқа қарсылығын ашық білдіріп жүрді. Оған қоса ол 6 наурызда соғысқа қарсы митиңгіге де шыққан.
Алдын ала мәліметтер бойынша музыканттың үстінен «әскердің беделін түсіру» бабы бойынша (ҚК 280.3-бабы) немесе «елдің аумақтық тұтастығын бұзу» бабы (Қылмыстық кодекстің 280.1-бабы) бойынша қылмыстық іс қозғалуы мүмкін. Бірақ әлі нақты ақпарат жоқ.