Ейскіде Су-34 әскери ұшағы құлап, 9 қабатты ғимарат өртенген апаттан қаза тапқандар саны 13 адамға жетті. Бұл туралы Ресей Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Ейск қаласындағы Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары үйінділерді тазартқаннан кейін ұшақ құлаған жерден қаза тапқандардың мәйіттерін тапты. 18 қазан 06.00-дегі жағдай бойынша апат салдарынан 13 адам қаза тапты, оның ішінде үшеуі бала. 19 адам түрлі дәрежедегі дене жарақатын алды, олардың төртеуі Краснодар облыстық ауруханасында емделіп жатыр, қалғандары Ейскіде емделеді. Зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық және психологиялық көмек берілді
— деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігі үш адамның өлімі бірден белгілі болғанын, кейін үй қирандыларының астынан он адамның мәйіті табылғанын айтты.
Ейскіде іздестіру-құтқару операциясы барысында 68 адам құтқарылды, оның ішінде баспалдақтардың көмегімен 360-тан аса адам эвакуацияланды
— деп түсіндірді департамент өкілі.
Еске салайық, Ресейдің Ейск қаласында әскери ұшақ көпқабатты тұрғын үйге құлаған болатын. Ресей Қорғаныс министрлігі Су-34 ұшағы Оңтүстік әскери округінің әскери аэродромынан оқу-жаттығу мақсатында көтерілген кезде құлағанын мәлімдеді.