Ресейдің агрессиясы жазалануы керек – Зеленский БҰҰ-да сөз сөйледі

Украина президенті Владимир Зеленский БҰҰ Бас ассамблеясы делегаттарына видеоүндеу жолдап, Ресейге әділетті жаза қолдану керектігін талап етті.

Бейбітшілік формуласының бес ережесі соғысты аяқтауды көздейді.

Бірінші ереже — шекараны бұзып, мыңдаған адам өлтіргені үшін жазалауды қарастырады.

Украинаға қарсы қылмыс жасалды, біз әділ жаза талап етеміз. Украина жерімізді ұрлап алуды талпынғандарды жазалауды талап етеді. Мыңдаған адамды өлтіргендерді жазалауды талап етеді. Әйелдер мен ер азаматтарды азаптап, оларға қорлық көрсеткендерді жазалауды талап етеді. Ресейдің заңсыз соғысы салдарынан украин халқы емес, бүкіл әлем апатқа ұшырай жаздағаны үшін жазалауды талап етеді,

деп мәлімдеді Украина президенті.

Екінші ереже — әрбір мемлекеттің өз азаматтарын қорғау құқығы.

Үшіншісі — қауіпсіздікті, соның ішінде азық-түлік және ядролық қауіпсіздікті, сонымен бірге аумақ тұтастығын қалпына келтіру.

Төртінші — қауіпсіздік кепілі.

Бесінші ережесі — қорғаныс пен көмек беру мәселесінде нақты ұстанымның болуы.

Зеленский Ресейге қарсы санкция енгізуді жалғастыра беруді, соғыс аяқталғанға дейін оны халықаралық ұйымдардан оқшаулауды, бұған қоса БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде вето құқығынан айыруды қалайды. Ресейліктерге виза шектеулерін енгізуді, сонымен бірге Ресей қылмыстарын қарайтын арнайы трибунал құруды, шығынды өтеу механизмін әзірлеуді сұрайды. «Ресей осы соғыс үшін активтерімен төлеуге міндетті. Бұл да жазаның бір түрі,  

деп мәлімдеді Украина президенті.

Еуроодақ елдері Ресейге қарсы жаңа санкцияларын тезірек енгізуге ұмтылады. Еуроодақтың қауіпсіздік саясаты және сыртқы істер жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррель Нью-Йоркте ЕО елдерінің сыртқы істер министрлерімен бейресми кездесуден соң осылай деп мәлімдеді.

Сонымен бірге Боррель Еуроодақ Украинаға қару-жарақ беруді тоқтатпайтынын айтты.

Украина жеңіске жеткенше әскери көмек беретінін Ұлыбритания премьер-министрі Лиз Трасс та мәлімдеді.

Мұның алдында АҚШ президенті Джо Байден Украинаны қолдайтынын тағы да растап, Құрама Штаттар соғыстың барлығы үшін әділ аяқталғанын қалайтынын атап өткен.

Ал Мәскеу батысты айыптады. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеу Украинада барлық алға қойған мақсатқа жеткенше арнайы операцияны жалғастыруға ниетті екенін мәлімдеді. Ол сондай-ақ Украинадағы дағдарыстың дипломатиялық жолмен шешілмей отырғанына батыс елдерін кінәлады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago