Пригожин аяқсыз қалдырған көтеріліс Ресейге не берді?
Путин, оның жеке билігі және Ресей бұрынғыдан да әлсірей түсті.
- Көтерілістен кейін оған 8 көшбасшы телефон соқты — Түркие, Иран, Катар, Сауд Арабиясы, Бахрейн және Орта Азияның үш басшысы. Болды. Ресейді стратегиялық әріптес деген Қытай, АҚШ сияқты, бұл Ресейдің ішкі ісі деді де қойды. Бұл өте маңызды көрсеткіш. Қытай сондай-ақ соғысқа қатысты өзінің сөйлеу мәнерін аздап өзгертті.
- Қару-жарақ. Қызыл сызық. Батыс елдерінің көзі одан әрі жеткеніндей, Путиннің қызыл сызығы — блеф. Мықты диктатор мұндай путчқа басқаша реакция танытар еді. Сондықтан да Украинаға жаңа қару түрлері мен техника беру көтеріліс болмай тұрғандағыдан да шапшаңдайды.
- Келесі айда болатын НАТО саммиті Украина үшін қуанышты жаңалықтарға толы болмақ. Егер путч болмағанда басқаша болар еді.
- Путиннің соғысты жылдар бойы жүргізе алатындығына, оның ең кемі 2024 жылғы АҚШ-тағы сайлауға дейін жүргізе алатындығына қазір ешкім де сенбейді, ол кезекті миф. Батыстың әскери, экономикалық ресурсы Ресейдікімен салыстыруға да келмейді. Батыс темірдей бірлік танытуда, ал Ресей іштей іріп-шіріп жатқаны айқын көрінді. Бұл Батыста Украинаға көмек беруге деген құлшынысты одан әрі арттыра түседі, жұрт жеңістің шеті горизонтта көрініп тұрғанын айқын білді. Тіпті бір апта бұрын бұған сенбейтіндер енді көзқарасын өзгертті.