Ұлттық банк «Мир» карталарына қызмет көрсетуге қатысты пікір білдірді.
Қазақстан заңнамасы бойынша, елдегі банктерге «Мир» карталарын қабылдауына қатысты шектеу қоймайды. Клиенттер бұл карталарды пайдалана алады.
Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі 23 қыркүйекте Zakon.kz тілшісінің сауалына берген жауабында мәлімдеді.
Қазақстандық банктер операциялық және қаржылық қызметін дербес жүзеге асырады, төлем жүйесінің операторларымен іскерлік қарым-қатынастар орнатады, сондай-ақ банк қызметтерін көрсетуге, оның ішінде «Мир» карталарын шығару мен қызмет көрсету үшін қабылдауға байланысты мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды,
делінген Ұлттық банктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
21 қыркүйекте Halyk Bank-тің баспасөз қызметі банкоматтар желісінде «Мир» картасына қызмет көрсету тоқтатылғанын хабарлады. Банктің POS-терминалдарын пайдалана отырып, «Мир» төлем жүйесінің карталарымен қолма-қол ақшасыз төлемдер әлі де қабылданып жатыр.
Ал кКейбір шетел «Мир» картасының қызметі тоқтатылды. Вьетнамдық банктер «Мир» карталарымен жұмысын тоқтатты.