Ресейліктер дәрі іздеп Қазақстанға келе бастады

Соғыс басталғаннан бері Ресейдің дәріханаларынан адам өмірі үшін аса маңызды дәрі-дәрмек табу қиындық тудырып отыр, деп хабарлайды Вёрстка.

Ресейліктер арасында «дәріхана туризмі» танымал бола бастады. Қазір дәрі-дәрмектердің кем дегенде 80 түрі жетіспейді. Халық дәрі іздеп көрші елдерге сандалуда. Дәрігерлердің айтуынша, ем қабылдаушылар заманауи «Оземпик» және «Трулисити» препараттарын Қазақстаннан алдыра бастаған.  Бұл қандағы қантты бақылауға арналған, аптасына бір рет инъекция арқылы саалынатын дәрі. Айтуларынша, Қазақстан көрші орналасқандықтан пациенттерге бару жеңіл.  Новосибирскіден Нұрсұлтанға екі сағатта ұшып жетуге болады. Сонымен қатар, ол жақта көпшілігінің туысқандары бар. Ал дәрілер рецептсіз сатыла береді. Антидепрессанттар мен гормональді контрацептивтер үшін Грузия мен Түркияға барады. Эпилепсияға қарсы дәрі Ресей нарығында сатылымда мүлде жоқ. Мұндай препараттардың ресейлік аналогтары болғанымен, сапасы сын көтермейді екен. Еуропадан дәрі-дәрмек жеткізу әзірге мүмкін болмай отырған көрінеді. Ресейліктер үшін қатынау құралдары қолжетімсіз. Жергілікті дәрігерлер міндетті түрде рұқсат қағазын талап етеді.

Әзірге денсаулық сақтау ұйымы рұқсат еткен дәрі-дәрмектерді жеке тұтыну мақсатында әкелуге шектеу жоқ. Алайда күзде бұл мүмкіндіктен де айырып қалу қаупі бар дейді заңгерлер.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

2 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

3 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

4 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

4 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

4 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

6 дней ago