Өткен аптада Мосбиржада қазақстандық валюта жалпы сомасы 4,2 млрд рубльге сатып алынған және сатылған.
Бұл жаз айларындағы сауда көлемінен үш-төрт есе жоғары.
News.ru мәліметінше, 18 қарашада «ертең» жеткізілімімен Мосбиржадағы қазақстандық теңгемен сауда көлемі 1,13 млрд рубльге жеткен.
Ал доллар, еуро мен қытай юанімен сауда-саттық өткен аптада 100 миллиард рубльге төмендеді – 857,2 миллиард рубльге дейін. Еуродағы сауда көлемі, керісінше, 7%-ға өскен.
Сарапшылар инвесторлардың кейбір баламалы валюталарға қызығушылығы төмендегенін айтады. Мәселен, үш ай бұрын Гонконг доллары мәмілелер күнделікті 300-500 миллион рубльге жасалса, соңғы уақытта бұл валютаның сауда көлемі 200 миллион рубльге жетпейді.
Айта кетейік, Ұлттық банк доллар мен рубльдің 22 қарашадағы ресми бағамын белгіледі. Атап айтқанда, 1 доллар құны – 463, 35 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 7,64 теңге.