Ресейліктер жаппай теңге сатып алып жатыр

Өткен аптада Мосбиржада қазақстандық валюта жалпы сомасы 4,2 млрд рубльге сатып алынған және сатылған.

Бұл жаз айларындағы сауда көлемінен үш-төрт есе жоғары.

News.ru мәліметінше, 18 қарашада «ертең» жеткізілімімен Мосбиржадағы қазақстандық теңгемен сауда көлемі 1,13 млрд рубльге жеткен.

Ал доллар, еуро мен қытай юанімен сауда-саттық өткен аптада 100 миллиард рубльге төмендеді – 857,2 миллиард рубльге дейін. Еуродағы сауда көлемі, керісінше, 7%-ға өскен.

Сарапшылар инвесторлардың кейбір баламалы валюталарға қызығушылығы төмендегенін айтады. Мәселен,  үш ай бұрын Гонконг доллары мәмілелер күнделікті 300-500 миллион рубльге жасалса, соңғы уақытта бұл валютаның сауда көлемі 200 миллион рубльге жетпейді.

Айта кетейік, Ұлттық банк доллар мен рубльдің 22 қарашадағы ресми бағамын белгіледі. Атап айтқанда, 1 доллар құны – 463, 35 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 7,64 теңге.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago