Денсаулық министрі Ажар Ғиният дүниежүзінде коронавирус инфекциясы қайта өршігенін, сол себепті вакцинация мен ревакцинация қажет екенін айтты.
Бүгінде бүкіл әлемде коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіші өсіп жатыр. Әсіресе, көршіміз Қытайда, Әзірбайжанда, Израильде және басқа да бірқатар елдерде аурушаңдық күрт өсіп жатыр. Сондықтан біз де халықты хабардар еткіміз келеді. Бұл ревакцинация қажет деген сөз және ол үшін вакциналар бар,
деді министр Үкімет отырысында.
Министрдің айтуынша, қазір коронавирусқа қарсы 500 мың доза вакцина бар.
Олар — QazVac және Sinopharm вакциналары. Қазір құжаттарға қол қойып жатырмыз. Бізге гуманитарлық көмек — Pfizer вакциналары келіп жатыр. Келесі аптада Pfizer вакцинасының қанша дозасы бар екенін жариялаймыз. Олар вакцинация алғысы келетін халықтың барлық санатына арналған. Коронавирус инфекциясына қарсы үш вакцина болады,
деді Ажар Ғиният.