Росавиация Тверь облысының маңында құлаған Embraer ұшағының бортында «Вагнер Тобының» басшысы Евгений Пригожиннің болғанын растады. Бұл туралы ұйымның ресми Telegram арнасында хабарланды.
Айта кетелік, 23 тамыз күні кешкісін Ресейдің Тверь облысы маңында жеке меншік Embraer ұшағы апатқа ұшырап, он адам қаза тапты. Оның ішінде «Вагнер» жеке әскери компаниясының негізін қалаушысы әрі көшбасшысы Евгений Пригожин де бар.
Ұшақ Шереметьево әуежайынан Санкт-Петербургке бет алған. Росавиация ұшақта қаза тапқандар тізімін жариялады.
Олар жеті жолаушы:
Евгений Пригожин
Дмитрий Уткин
Сергей Пропустин
Евгений Макарян
Александр Тотмин
Валерий Чекалов
Николай Матюсеев
Үш экипаж мүшесі:
Алексей Левшин
Рустам Каримов
Кристина Распопова
Аталған жағдайға байланысты Ресей федерациясы Қылмыстық кодексінің 263-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.