Абай облысында көз жұмған тракторшының отбасы мемлекет тарапынан көмек алмауы мүмкін. Себебі сараптама қорытындысы бойынша Сергей Архиповтің өрттен емес, жүрек жеткіліксіздігінен көз жұмғаны анықталыпты.
Архипов өткен сенбіде жұмысқа шақырылған. Ол басқа орманшылар сияқты өрт сөндіруге барды. Туыстарының айтуынша, ер адам оларға орманның жанып жатқанын айтқан. Кейін ол рация арқылы әріптестеріне адасып кеткенін жеткізіп, содан кейін байланысқа шықпаған. Кейіни мәйіті өрт болған жерден 50 шақырым қашықтықта, ағаш түбінен табылыпты.
Сергей өртті сөндіруге көмектесті, ол шынымен де батыр атағына лайық, сондықтан бізге де көмек көрсетілуі тиіс. Қазір Сергейдің туыстарына көмек көрсетілмейтіні туралы ақпарат келді. Балаларға да, әйеліне де,
дейді Архиповтің өгей қызы Альмира Баймұхамет.
Жақындары артында қалған отбасын мемлекеттік көмексіз қалдырмауды сұрап отыр.