Рухани тоқ адам, аш болмайды. Аш болса да, арсыздыққа, ұятсыздыққа бармайды. Ұялу, арлану, намыстану сезімі күшті оларда.
«Халық аш» деп, санасыздықты, ұятсыздықты, арсыздықты, намыссыздықты, көргенсіздікті, мәдениетсіздікті, тексіздікті ақтап-жақтап отырғандар -«Платформа» фильмін тағы бір рет көріңіздер.
Иә, халық аш. Оны білеміз. Білгендіктен, халықтың қарнын тойдыру үшін біршама әрекеттер де жасағанбыз. Сонда надандар мен тойымсыздар, қанағатсыздар мен тексіздер ешқашан тоймайтынына көзіміз жеткен. Олар төменде ғана емес, жоғарыда да бар.
Сонда біздің көзіміз жетті: рухани аш адам ешуақытта тоймайды екен. Оларда тойыну сезімі, қанағатшылдық сезімі деген болмайды. Миында, ағзасында ондай функция (гармон) жоқ.
деп ойымен бөлісті журналист Сәуле Әбілдаханқызы.
Ораза кезін алыңыз. Бір табан болса да, Құдайға жақындағыңыз келеді. Күнұзақ аш жүресіз. Шыдайсыз. Тіпті, бірте-бірте үйреніп кетесіз. Қарныңыз ашпайтын болады.
Мұхаммед пайғамбарды алыңыз. Құдай оны тойдырып қойған екен. Қарны ашу деген сезім болмайды екен. Кұнұзақ бір құрма, бір ұрттам сумен де жүре береді екен.
Алудың да, жеп-ішудің де өз мәдениеті бар. Қанша аш болсаң да, аузыңа бір түйір нан салуға болмайтын да жерлер болады.
Күніне қанша рет, қанша тамақ жейсіздер?