Елена Рыбакина Уимблдонда жартылай финалға шыға алмады.
Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 6-ракеткасы, тунистік Онс Жабермен шеберлік байқасты.
Қарсыластар осыған дейін өзара төрт рет кездескен, есеп тең еді — 2:2.
Бұл жолы бірінші партияда теннисшілер екі-екіден брейк жасады. Тай-брейкте қазақстандық спортшы басымдылық танытты — 7:6 (7:5).
Алайда екінші сет соңына таман Онс Жабер күш алып кетті — 6:4, 6:1.
Екі сағатқа жуық уақытқа созылған матчта Рыбакина 7 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды.
Онс Жабер финалға шығу үшін әлемнің 2-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен таласады. Ол дүниежүзілік рейтингте 18-орында тұрған америкалық Мэдисон Кизді қапы қалдырды — 6:2, 6:4.