Астанада сұйытылған мұнай газының шекті бағасы 76 теңге, Алматыда 81 теңге болмақшы.
Энергетика министрі бағаға қатысты бұйрыққа қол қойды. Бұйрық 2024 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енеді.
Сонымен ҚҚС қосылған сұйытылған газдың бір литрі:
- Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарында – 54 т., шалғай аудандарда – 59 т;
- Шымкентте, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан облыстарында – 64 т, шалғай аудандарда – 69 т;
- Жамбыл облысында – 71 т, шалғай аудандарда – 76 т;
- Павлодар облысында – 74 т, шалғай аудандарда – 79 т;
- Астана, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында – 76 т, шалғай аудандарда – 81 т;
- Алматы қ., Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарында – 81 т, шалғай аудандарда – 86 т.
Бұған дейін үш жыл бойы сұйытылған газ бағасы жарты жыл сайын 5 теңгеге көтерілетіні хабарланған еді.
Алғашқы өсім келер жылдың бірінші тоқсанында болады деген болжам бар. Дереккөз TengeLife.