Украинаның Мелитополь қаласы қазір басқыншы қолында. Онда Ресейдің маңызды әскери базалары бар. Базаларда мыңдаған Ресей сарбаздары өріп жүр. Сол шұбырып жүрген басқыншы сарбаздармен желіде украин қыздары таныса бастапты.
20-дан астам қыз Ресей сарбазымен сөйлесіп жүреді. Сарбаздар базадан алыстап кетпейді, сондықтан әскери басшылықтан жасырып, белгілі бір аймақта ғана телефон ұстайды. Қыздар “қайдасың, кездесейік” деп сұраса көбісі мекен-жайды айтпайды. Бірақ арасында 4-5 ашық ауыз қызкөрмеген сары балапандар “ешкімге айтпа, мына жердеміз” деп мекен-жайын айтып қояды. Барлығы бір мекен-жайды айтады.
«Ее, база осы жерде екен”,- дейді Украина қорғаныс министрлігі. Бір күні түнде бір құшақ гүлін алып, базаның сыртында сұлуларды күтіп тұрған сарбаздарға, қыз емес аспаннан HIMARS зымыраны келе жатыр екен. Осылайша олар бір құшақ гүлін алып, бірден Кобзонның концертіне тартып тұрыпты.
Айтпақшы қыз дегеніміз қыз емес, хакерлер болып шықты. Украин сұлуларының фотоларын қолданған екен. Бұл ақпаратты Батыстық Financial Times жазды. Мелитопольде кемі бір база осылай талқандалған.