«Сән-салтанат салығы» кімдерге салынбақ?

Қымбат яхта, жеке ұшақ пен элиталы үй. Ұлттық экономика министрлігі өкілдері «сән-салтанат салығы» қалай және кімдерге енгізілетінін айтып берді.

Аталмыш салық түрі орта тап өкілдеріне қатысы болмайды.  «Байлық салығы» бағалы яхтасы, жеке ұшағы бар адамдарға салынады. Әрі бір емес бірнеше элиталы жылжымайтын мүлігі бар, көлігінің құны 100 мың доллардан асатындар еселенген салық төлейді.

Еске сала кетейік, 1 қыркүйек күні Президент халыққа Жолдау жариялады. Тоқаев салық реформасы аясында «сән-салтанатқа салық» енгізуді тапсырды. Сондай-ақ мұның орта тапқа қатысы жоқ екендігін баса айтты.

Дегенмен жаңа бастама әлі де талқыланатын көрінеді. Әсіресе бизнес қауымдастығы мен жауапты мемлекеттік органдардың пікірі аса маңызды болып отыр.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago