Мұғалімді «жұмыстан шығарамын» деп қорқытқан Сәтбаев қаласындағы мектептің оқу бөлімінің меңгерушісі ақыры өзі жұмыссыз қалады. Ұлытау облысының білім басқармасы қазірдің өзінде шаралар қабылданғанын хабарлады.
Бұл оқиға мектептің педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесінде қаралды. Мектеп директорының атына тәртіптік жаза қолдану және директордың орынбасары қызметінен босату туралы ұсыныс енгізілді. Бейнеге түсірілген мектеп директорының орынбасары қызметінен босатылады,
деп хабарлады patriotnews.kz сайтына департаменттегілер.
Математика пәнінің мұғалімі өзінің іскерлік беделін қалпына келтіру үшін заңгер жалдаған.
Мұғалім жұмыстан босатылған жоқ, оны жұмыстан шығару мәселесі де қарастырылып жатқан жоқ. Мұндай жағдай ерекше. Мектепте тек білікті мұғалімдер ғана жұмыс істейді,
деп толықтырды ведомстводан.
Бұған дейін желіде директордың орынбасары оқушылардың көзінше математика пәні мұғаліміне айқайлап, ұрсып, «жұмыстан қуам» деп қорқытқан видеосы тараған болатын.
Конфликтіге математика пәні мұғалімінің директордың орынбасараның туысы болып келетін оқушыға төмен баға қоюы себеп болған.