Сәтбаев қаласында гастрольде жүрген «Шапито» циркінің 18 жастағы әртісінің денесі табылды.
Ұлытау облысының Сәтбаев қаласында алматылық «Шапито» циркінің әртісі асылып қалды. Әлеуметтік желіде 18 жастағы цирк әртісі Мария Катцунның өз-өзіне қол жұмсағаны туралы хабар тарады.
Алайда бойжеткеннің жақындары бұған сенбейтіндерін айтады. Бұл туралы олар желіде жарияланған.
Қыз баланың достары Мария әрқашан салауатты өмір салтын ұстанған, спортпен айналысқан және әрдайым циркте өнер көрсетуді армандағанын айтады.
Мария эстрадалық цирк училищесінде оқып, жазда Алматы қаласының «Шапито» циркімен өндірістік тәжірибеден өту туралы келісімшартқа қол қойған. Қайғылы оқиға кезінде цирк Сәтбаев қаласында гастрольде болды.
Аталмыш факт бойынша Сәтбаев полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалды шешім қабылданатын болады,
деп хабарлады Ұлытау ауданы ПД баспасөз қызметі.