Салафизмді әлем бойынша таратумен айналысатын Сауд Арабиясының қорлары Қазақстанда осы ағым позициясын күшейтуге қосымша қаржы бөлмек. Бұл туралы DALA INSIDE дереккөзі айтып отыр.
Қазіргі олардың лоббиінің барлық күші мектепке хиджап киіп бару құқығын сақтап қалуға бағытталды.
Салафизм лоббистері мектептерде намазхана ашу бойынша Оқу-ағарту министрлігіне барынша қысым жасамақ.
Қазақстандағы салафизмға қажет қаржы тікелей ақша формасында емес, Дубайдан ұялы телефон бөлшектері арқылы келеді. Телефон жөндеуден түскен бейресми қолма-қол ақша арнайы ортақ кассаға құйылады дейді, дереккөз.
Қазір салафия идеологтары өз жамағатына қазақтың дәстүрлі, ұлттық құндылықтарына қарсы сөз айтпауды сұрап отыр. Себебі, олар домбыраны «харам» деу арқылы қазақ ұлтын өздеріне қарсы қойып алғандарын түсінді. Енді осы қателікті «жуып-шаю» шараларын жүргізбек.
Не болса да, Қазақстандағы биылғы күз «діни, сектааралық тартыс» бағытында өтетін болды. Салафиттерден бөлек, тәңіршілер, сопылар, көк бөрілер, нұршылар, сүлейменшілер бас көтеріп келеді. Тіпті атеистердің де дауыстары қаттырақ шыға бастады.