Құрал Сейтханұлы өзінің Фейсбук парақшасында өзекті тақырыпты қозғады.
Қоғамда діншілдермен айқасу белең алып барады. Мұсылманша тәрбие мен сақалы бар, мұрты жоқ діншілердің арасы жер мен көктей. Себебі мына дін — мүлдем басқа дін.
Біздің қазақ халқына арабша шариғат мүлдем жат. Біздің қазақты шариғатпен емес, әдеп-ғұрыппен тәрбиелеу керек. Әйтпесе құримыз.
Осыдан біраз жыл бұрын өзім де кішкене дінмен ауырғанмын. Сондықтан діншілдерді жақсы түсінемін. Негізі менің көзімді ашқан осы Фейсбук десем де болар. 2015-жылдары алғаш рет Фейсбукқа кірген кезде діншілдермен Ардақ Әшім әпкеміз айқасып жататын. Діни зомби ретінде әпкеге жаман сөз жазғым келіп отыратынмын. Бірақ әпкенің күрескерлік қасиетін сыйлап жаман сөз жазбадым. Бірақ ол кісінің жазбасын оқыған айналамдағы діни дүбәрәлардың төбе шаштары тік тұрып жататын.
Сол зомбилардың әлі күнге дейін беттері бері қараған жоқ байғұстардың. Сөйтсем дін деген қиын ғылым екен ғой. Дінде кішкентай ғана бір детальды түсіну үшін адамға бес жылдан он бес жылға дейін уақыт керек. Кейбір милары тастай қатып қалған зомбиларға он бес жыл да аздық етеді.
Діншіл елдердің барлығы дерлік өркениет көшіне ілесе алмай нәжіске батып жатыр. Мен үшін Құдай берген ақылдың дінмен маталғанынан асқан жиіркенішті нәрсе жоқ.
Құдай адам баласына ақыл мен рухтан асқан нығмет бермеген. Оны дінмен матап тастау деген — надандықтың надандығы!