Саңырауқұлақ жүкті әйелдер мен балаларға зиян болып шықты

Саңырауқұлақ кез келген диетаға жақсы қосымша бола алады, себебі құрамында пайдалы дәрумендер мен минералдар бар. Бірақ кейбір адамдар одан бас тартуы керек. Гастроэнтеролог Наталья Стукова саңырауқұлақ жүкті әйелдер мен он жасқа дейінгі балалар үшін зиян өнім екенін айтып, өз ұстанымын дәлелдеді.

Дәрігер болашақ аналар мен бала емізетін әйелдерге саңырауқұлақ жеуге болмайтынына назар аударды. Сондай-ақ, оның айтуынша, кішкентай балаларға саңырауқұлақ беруге болмайды, өйткені балаларда әдетте эндокрин бездері толық қалыптаспайды.

Асқазан-ішек жолдары ауруларына шалдыққандардың ауруы күшейіп тұрса, саңырауқұлақтарды қолдануына болмайды. Бұл қатарда ұйқы безі, бауыр, асқазан аурулары бар. Симптомдар кеткен кезде де оны тұтынуды шектеу керек.

Саңырауқұлақтың көп бөлігі қоректік емес көмірсулардан, құрылымдық полисахаридтерден тұрады. Олар дұрыс сіңірілмейді. Дәрігер полисахаридтер дәнді кебек сияқты жұмыс істейтінін айтты, яғни ас қорыту жүйесі арқылы тамақтың өтуін тездетеді және іш қатудан қорғап, нәжіс көлемін арттырады.

Адамда асқазан жарасы немесе гастрит болса, дәрігерлер саңырауқұлақ жеуге кеңес бермейді, өйткені саңырауқұлақтардағы ақуыздар да әрдайым оңай ерімейді,

деді дәрігер.

Маман пікірінше, құрамындағы пайдалы заттардың көп мөлшеріне қарамастан, саңырауқұлақты күнде қолдануға болмайды, өйткені оларды сіңіру қиын.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago