Президент атынан Мәжіліс спикері, мемлекет басшысының қоғамдық штабының жетекшісі Ерлан Қошанов қатысады.
Қалған бес үміткер – Қарақат Әбден, Нұрлан Әуесбаев, Жигули Дайрабаев, Мейрам Қажыкен, Салтанат Тұрсынбекова ауызша пікірсайыста бетпе-бет кездеседі.
Теледебаттар «Хабар» телеарнасында 11 қарашада өтеді, тікелей эфир сағат 20.00-де басталады.
ОСК бүгін кандидаттардың сөз сөйлеу ережелерін түсіндірді. Олар төрт айналымнан тұрады.
Біріншісі – сайлауалды бағдарламаның тұсаукесері, үш минут ішінде сақтау керек.
Екіншісі – қиылыстағы сұрақ-жауап.
Үшіншісі — президенттікке үміткерлер сайлаушылардың сұрақтарына жауап беруі;
Төртіншісі — кандидаттардың халыққа тікелей сөз сөйлеуі;
Кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашаға белгіленген.