Атыраудағы «Ұлттық қыздар мектебі» сот шешіміне қарамастан жұмысын жалғастырып келген.
Былтыр аталған білім беру мекемесінде жүзден астам оқушы қыздар діни салафиттік бағытта тәрбиеленіп жатқаны жөнінде дау туындаған еді. Бұған қатысты бейнежазбалар желіде көптеп жарияланған болатын. Ата-аналардың кейбірі қыздардың мектепке хиджабпен келетінін айтып дабыл қақты.
Ал, мектеп басшылығы мұны жоққа шығарып, оқушылардың ұлттық киім киетіндерін айтқан еді. Алты айда рұқсат алып болуы тиіс мектеп бір жыл бойы білім беріп шыққан.
Облыстық білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Бердібек Таишев мәселеге қатысты ойын білдірді.
Біз өз кезегімізде талай тексеріс жұмыстарын жүргіздік. Сот арқылы екі рет айыппұл да салынды. Біліктілік талаптарына сай келмейтін мектепке лицензия берілмеді. Ақыры, заңға бағынбаған кәсіпкерді сотқа бердік. Сөйтіп, сот шешімімен мектеп жабылып отыр.