Ислам – руханиятымыздың тірегі. Ата дініміз ізгілік пен адамгершілікке, жанашырлық пен жасампаздыққа негізделген. Осындай асыл құндылықтар қоғамда тұрақтылық пен татулықты нығайтып, елімізді өркендету ісінде айрықша рөл атқарады. Сондықтан салт-дәстүрімізбен тығыз сабақтасқан дәстүрлі исламды қадірлеу өте маңызды.
Адамзат өркениеті ғылым мен технологияның дамуымен ғана шектелмейді. Ұлт сапасын жақсартамыз десек, руханият саласына баса мән беруіміз керек. Мүфтият ел тағдырына айрықша ықпал ететін осы жауапты жұмысқа белсене атсалысып келеді,
деп атап өтті Президент өз құттықтауында.
Мемлекет басшысының айтуынша, имамдарымыз халықтың діни сауатын арттыруға, өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие беруге және оны жат ағымдардың әсерінен қорғауға өз үлесін қосып келеді.
Айта кетейік, Астанада V республикалық имамдар форумы өтіп жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы арнайы құттықтау хатын жолдады.