Алматыдағы Алатау ауданында жаңа асфальт опырылып, слдарынан №122 бағыттағы автобус шұңқырға түсіп кетті.
Оқырмандар кептеліп қалған көліктің суретін желіде жариялады. Олардың жазуынша, бәрі опырылып жатыр. Бұл жерде ешқашан жол жөнделмеген. Тек жамаудың үстіне жамау. Оны да жоғарыдан біреу келгенде ғана жасайды. Тіпті жаяу жүретін жол да жоқ, бәрі жарамсыз. Көліктер мен автобустар өте алмайды.
Алматы қаласы әкімдігінің Энергетика басқармасы оқиға жайлы хабардар болып шықты:
«Связьстроймеханизация» ЖШС мердігер ұйымы басшылығының бұйрығымен 2019 жылы кепілді міндеттеме негізінде «Рахат» («Мәдениет») шағын ауданында магистральдық су құбыры және кәріз желілерінің құрылысы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Ақаулар сигналдық таспамен қоршалған. Жақын арада жөндеу жұмыстары болады,
деді басқармадағылар.