Жақында танымал айтыскер Сара Тоқтамысова қызды болды. Ол қызына ерекше есім қойған. Бұл туралы ақын Instagram-парақшасында хабарлады.
Ақынның сөзінше, баланың есімін жұбайы таңдап қойған. Ал бұған дейін ол Желідегі оқырмандарынан әдемі есімдер жазуын сұраған.
Есілқызы Сүйкімді! Үйіне келе жатыр. Сөзі сүйкімді болсын, ісі сүйкімді болсын деп ырымдап қойдық. Аллам өміріңді сүйкімді қылсын. Ғұмырлы бол, құлыным,
деп жазған ол Желіде.