Вашингтонның Atlantic Council («Атлантика кеңесі») сараптама орталығы жүргізген сауалнамаға қатысқан сарапшының 46%-і алдағы он жылда Ресей Федерациясы ыдырауы ықтимал деп санайды. Бұл туралы Азаттық Радиосы Financial Times гезатіне сілтеп хабарлады.
Сауалнама қорытындысына сәйкес, респонденттің 40%-і Ресейде революция, азаматтық соғыс немесе дезинтеграция нәтижесінде саяси дағдарыс болуы мүмкін деп есептейді. Ал Еуропан сарапшыларының 49%-і «Ресей ыдырайды» деген.
Сауалнамаға қатысқанның 14%-і Ресей алдағы 10 жылда ядролық қару қолдануы мүмкін екенін айтса, 10%-і «Ресей ыдыраған соң автократиялық елдердің көпшілігі демократиялық жолға түседі» деп болжаған.
«Атлантика кеңесі» директорының орынбасары Петер Энгелькенің айтуынша, Ресей туралы түрлі болжамға оның Украина басып кіргені және оған салынған санкциялар ықпал етті.