5 мыңнан астам сарбаз 1 миллиард 875 миллион теңгеге «кредиттік каникул» алды.
Қазір банктер мен шағын несие ұйымдары 5 мыңға жуық әскери қызметкердің 1,6 млрд теңгеге өтінімін қарауда, деп жазды TengeLife.
Әскерилерді әлеуметтік қолдау шараларын заңнамалық тұрғыдан реттеу мақсатында Қорғаныс министрлігі «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңына жаңа 50-1-бапты енгізу туралы бастама көтерді. Заң жобасы Мәжілісісте қаралуда.
Сонымен қатар, Қорғаныс министрлігі «Банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңының 34-бабына және «Микроқаржы қызметі туралы» Заңы 7-бабының 2-тармағына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныс айтты.
Процестерді автоматтандыру үшін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі және «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ-мен бірлесіп проактивті форматта өзара әрекеттесу алгоритмін әзірледі. Автоматты (проактивті) форматта «кредиттік каникул» беру бойынша пилоттық жоба 2024 жылы іске қосылады.